Меню KDT
МЕНЮ

Құрметті оқушылар!
Қазіргі кезде өте маңызды мәселе жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Әрқайсыңыз — еліміздің болашағы, ата-анаңыздың үміті, мектебіміздің абыройысыздар. Сондықтан сіздердің тәртіпті, білімді, жауапты азамат болып қалыптасуларыңыз біз үшін аса маңызды.
Қазіргі таңда қоғамда жасөспірімдер арасында түрлі құқық бұзушылықтар, әлімжеттік, бұзақылық, зиянды әдеттерге әуестік сияқты келеңсіз жағдайлар кездесіп жатады. Мұндай әрекеттер адамның болашағына үлкен зиянын тигізеді. Бір сәттік қателік өмір бойы өкінішке әкелуі мүмкін.
Заңды білу — әр адамның міндеті. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз құқығымен қатар өз міндетін де жақсы түсінуі керек. Мектеп қабырғасындағы тәртіпті сақтау, үлкенді сыйлау, достарыңа құрметпен қарау — мәдениеттіліктің белгісі.
Құрметті оқушылар!
Сіздерді бос уақыттарыңызды пайдалы өткізуге шақырамын. Спортпен айналысыңыздар, кітап оқыңыздар, өнер мен білімге ұмтылыңыздар. Жақсы орта адамды жақсылыққа жетелейді. Сондықтан айналаңыздағы достарыңызды дұрыс таңдаңыздар.
Естеріңізде болсын: әр адамның тағдыры өз қолында. Бүгінгі дұрыс шешім — ертеңгі жарқын болашақтың кепілі. Біз сіздерге сенеміз және әрқайсыңыздың елге пайдасы тиетін азамат болып өсетіндеріңізге кәміл сенімдіміз.
Тәртіпті болайық, заңды құрметтейік, қауіпсіз қоғам құруға бірге атсалысайық!
Мектеп директоры: Кулмаханбетова Жанар Жомартовна




Опрос

Біздің сайт сізге ұнайма ???

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда32
  • Осы аптада11
  • Кеше9
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки